Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ НЫСАНДАР АШЫЛДЫ


     Сырдария ауданында Құрметті азаматтар Аллеясы, тарихи-өлкетану музейі, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары пайдалануға берілді.
     Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында болып, нысандардың ашылуына қатысты.     
    Аймақ басшысы алдымен Сырдария ауданы, Ақжарма елді мекенінде шағын және орта кәспкерлікті дамыту жұмыстарының нәтижесінде ашылған "Толғанай" кешенінде болды. 80 адамға лайықталған дүкен мен дәмхананы жеке кәсіпкер Нұрсұлу Дүйсенова ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр.  
    Ал Тереңөзек кентінен ашылған Құрметті азаматтар аллеясында аудан дамуына елеулі үлес қосқан 99 азаматтың есімі жазылған арнайы тақтайшалар орнатылған.
    Сонымен қатар, аудандық "Еңбек даңқы музейі" тарихи-өлкетану музейінің жұмысы да жандана түскен.
    – Сыр елі – ел азаматтарын біркісідей еңбекке жұмылдыра білген қызылордалық 102 Социалистік Еңбек ері шыққан қасиетті өлке. Олардың есімдері облыс тарихында алтын әріптермен мәңгілікке жазылады. Атақты күрішші Ыбырай Жақаевпен иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген еңбек ерлері Күләнда Әбдіраманова, Қасым Бөдеев, Ибадулла Ақниязов, шіркейлілік Балдырған Мұстапаева және басқа да аға-апаларымыз еліміздің мақтанышы. Дала төсін дүбірлеткен еңбеккерлердің ізін жалғап, адал еңбегінің нәтижесінде ел экономикасын нығайтқан жандардың барлығы жас буын үшін үлгі-өнеге. Сыр өңірін дамытуға айтулы үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Мұнан соң, аудан орталығында аймақ басшысы елді мекендерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты аудан активімен жиналыс өткізді.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі өткізілген көшпелі мәжілістерде аймақ басшысы барлық аудан және ауыл әкімдеріне жаппай кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жұмыстар атқаруды тапсырған болатын.
    Облыс әкімі апта соңына дейін 6 ауданда және Қызылорда қаласында дәл осындай кездесулер өткізеді.




22 қараша 2017 ж. 1 064 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области