Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәдина Әбілқасымова - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

Мәдина Әбілқасымова - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

Kyzylorda-news.kz. Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда туған.
1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы болып бастаған.
2003 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы.
2004 жылдан 2006 жылға дейін - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры.
2006 жылғы ақпаннан 2008 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылғы наурыздан 2011 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары 2013 жылғы ақпаннан 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.
Биылғы 12 наурызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.
Ал 28 наурыздан бері Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
18 желтоқсан 2019 ж. 269 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области