Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Депутаттар «Бәйтерек» зымыран кешенін құруды мақұлдады

Депутаттар «Бәйтерек» зымыран кешенін құруды мақұлдады

Kyzylorda-news.kz. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешені іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобасы. Кешенді құру мәселесі бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Бастаманы депутаттар мақұлдады. Атап өтейік, «Бәйтерек» кешені «Зенит-М» ғарыш зымыран базасында құрылады. Ол «Союз-5» зымырандарын ұшыруға арналған. Аталған кешеннен көкке жіберілетін зымыран тасығыштар «Протон» сынды гиптилді қолданбайды. Сұйық оттегі мен керосинге негізделеді. «Сондықтан қоршаған ортаға да зияны болмайды», - дейді министр.
«Бұл – әлеуметтік жағынан өте маңызды жоба. Өйткені «Байқоңыр» айлағында алғаш рет жасалған жоба. Бұл Байқоңырда біздің бірінші объектіміз болады. Біздің мамандар осында жұмыс істейді. Екіншіден, жобада 500-ден аса Қазақстанымыздың мамандары жұмыс істейтін болады», - дейді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасы талқыланды. Құжатта әскерге шақырылған азаматтың жұмыс орнын сақтап қалу қарастырылған. Екінші жаңалығы – үйінде денсаулығына байланысты күтім қажет болған жақындары бар тұлғалардың толық емес жұмыс кестесіне көшуіне мүмкіндік беру де көзделіп отыр. Заң жобасында жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың да құқығын қорғау бойынша тармақтар бар.
«Заң жобасында біз жұмыскердің жауапкершілігін арттырып жатырмыз. Сондықтан ол бүкіл баптарда қарастырылған. Бірақ біз оны үлкейтіп жатырмыз. Ол пения жұмысшының жалақысын уақытылы төлемеген кезде 0.25 пайызға көбейіп жатыр. Инфляцияға байланысты қаралады», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова.
18 желтоқсан 2019 ж. 319 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области