Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» басшысымен кездесті

Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» басшысымен кездесті

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-12» ТБК іске қосу науқаны барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Келіссөзге сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Кездесуде «Байқоңыр» кешеніндегі және жалпы ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа арналған кең ауқымды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тараптар «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша жұмыстардың барысын талқылады және 2022 жылы оның ұшу сынақтарына шығатын одан әрі бірлескен іс-қимыл тәртібін келісті. Тараптардың назары жобаның коммерциялық тартымдылығын қамтамасыз етудің маңыздылығына да аударылды.
Кездесуде сондай-ақ тараптар мүддесінде одан әрі пайдалану мақсатында Гагарин стартын жаңғырту жобасын БАӘ-мен бірлесіп үш жақты іске асыру, One Web бағдарламасы бойынша іске қосу қызметтерін іске асыруда Ресей мен Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Кездесу барысында делегациялар Байқоңыр қаласының даму перспективасы мен проблемалық мәселелерін шешуге, оның тұрғындарының лайықты тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік-саяси жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Атап айтқанда, бизнесті дамыту, халықтың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін "Байқоңыр" еркін экономикалық аймағын (ЕЭА) құру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Делегация басшылары «Байқоңыр» кешені жөніндегі Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы қызметінің тиімділігін жоғары бағалады және ағымдағы жылдың сәуір айында Мәскеуде оның алтыншы отырысын өткізу туралы алдын ала келісім жасалды.

15 наурыз 2019 ж. 491 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области