Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Керемет күн. Бүгінгі күн романтикалық кездесулер ұйымдастыруға қолайлы болмақ. Барлық мәселе оң шешім табады.

Торпақ
Бүгін үй шаруашылығымен айналысып, біраз іс тындырасыз. Сонымен қатар шығармашылықпен де шұғылданыңыз. Қателесуден қорықпаңыз.

Егіздер
Өз күшіңізге көп сене бермеңіз. Әйтпесе, бойына сеніп жылдан құр қалған түйе секілді дымсыз қаласыз. Сізді алдағысы келетіндер көп.

Шаян
Көптен бері бастауды жөн санап жүрген жеке ісіңізді қолға аласыз. Дәл қазіргі сәт сіз үшн бизнес бастауға қолайлы болмақ.

Арыстан
Барлық ісіңіз ретімен орындалып, жоспарларыңыз жылдам жүзеге асатын болады. Егер басыңыз бос болса, бүгін екінші жартыңызды жолықтырасыз.

Бикеш
Бүгін сауда-саттық жасайтын күн. Ірі тұрмыстық бұйым аласыз немесе банктен шот ашып, қаржы жинақтай бастайсыз.

Таразы
Бүгін махаббатта да, жұмыста да жолыңыз болады. Егер басыңыз бос болса, қызықты романтикалық кездесулер күтіп тұр.

Сарышаян
Өзіңізге қажетті дүниеге қол жеткізу үшін барынша тырысып бағасыз. Өз арманыңызды орындауға деген құлшынысыңыз жұртты таңқалдырады.

Мерген
Бүгін ескі мәселелерге қайта ораласыз. Оларды шешу жолдарын қарастырып, өз дегеніңізге жетесіз. Өз ісіңізге риза боласыз.

Тауешкі
Бүгін сіз үшін алынбас қамал жоқ. Барлық шаруаны атқаруға, кез келген мақсатқа жетуге мүмкіндігіңіз бар. Барлық жоспарыңыз жүзеге асады.

Суқұйғыш
Айналыңыздағы адамдармен байланыс орнатуда, қарым-қатынас жасауда белсенділік танытыңыз. Осы орайда біраз жетістікке жетесіз.

Балықтар
Өз сезіміңізді басқара аласыз. «Жүрекке әмір жүрмейді» дегенмен, барлығын ақылға саласыз. Ескі достармен кездесесіз.
19 желтоқсан 2019 ж. 258 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области