Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күн дене жаттығуларымен айналысып, белсенді демалыс ұйымдастырып, таза ауада серуендейтін күн. Материалдық жағдайыңыз жақсарып қалады.
Торпақ
Қаржылық жаңдайыңыз ақырындап жақсарып келеді. Жұлдыздар бүгіннен қалдырмай серіктестермен келісімге келуіңізді ескертеді. Сіз оларға өз ісіңіздің маманы екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет.
Егіздер
Мақсатыңызға жетуге асығыс шешім қабылдау немесе мемлекеттік мемекемелермен және қоғамдық ұйымдармен тіл табыса алмауыңыз кедергі болады. Құжатпен жұмыс жасағанда абай болыңыз.
Шаян
Түске дейінгі уақыт жаңа қарым-қатынастарға, жаңадан танысқан адамдармен байланыс орнатуға қолайлы уақыт. Бүгінгі күн сізді барлық жағынан да таңқалдырады.
Арыстан
Түске дейін жасаған жұмыстарыңыз еш нәтиже бермейді. Соны салдарынан түстен кейінгі уақытта шешілмеген мәселелер көбейіп кетуі мүмкін. Кешке қарай үйді құлыптап кетпегеніңіз жөн. Сақ болыңыз.
Бикеш
Бүгінгі күн басшылыққа немесе мемелкеттік мекмелерге өтінішпен кіруге қолайлы болмақ. Сізді іскерлік кездесулер күтіп тұр. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Басшылыққа қарсы шықпаңыз.
Таразы
Түске дейінгі уақыт кездесулер ұйымдастыруға қолайлы сәт. Сонымен қатар бүгінгі күн шығармашылықпен айналысуға, сапарға шығуға, жөндеу жұмыстары немесе құрылыс бастауға қолайлы күн. Түстен кейін әлденеге аздап қобалжисыз.
Сарышаян
Жоспарларыңызды ешкімге айтпаңыз. Әйтпесе, оның орындалуы екіталай. Түстен кейінге ұйымдастырылған іскерлік кездесулерден бас тартыңыз. Өйткені, бұл сізге пайда әкелгеннен гөрі, көп мәселе туындатады.
Мерген
Бүгін комерциялық бағыттағы ісіңіз алға жылжып, келісімшарттарға қол қоясыз. Адамдармен қарым-қатынаста сабырлылық танытыңыз және сақ болыңыз. Өтірік ақпаратқа сенбеңіз.
Тауешкі
Отбасында барлығы да керемет. Бүгін несібеңіз артып, ұтысқа ие боласыз. Көршілермен тату болуға тырысыңыз. Ұсақ-түйекке мән бермеңіз. Оңаша қалуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Кез келген іске жауапкершілікпен қараңыз. Саудаға қатысты идеяларыңыз жүзеге асып, материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Серіктестеріңіздің көмегінен және ақыл-кеңесінен бас тартпаңыз.
Балықтар
Барлық жұмысыңызға сақтықпен қарағаныңыз жөн. ТАбыс табудың жаңа көздерін қарастырып, қызметте жоғарылауға ұмтылыңыз. Маңызды қадам жасап, нақты шешім шығаратын кез келді.