Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бурж Халифа қабырғасында Қазақстан туын бейнелеу үшін ақы төленген жоқ

Бурж Халифа қабырғасында Қазақстан туын бейнелеу үшін ақы төленген жоқ

Kyzylorda-news.kz. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтау акциясы ақылы болғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтты. СІМ ресми өкілінің айтуынша, мұндай тәжірибе бірінші рет болып тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеше Дубайдағы Бурж Халифаның қасбетін Қазақстан туының түсіне бояу үшін ақы төленді деген ақпарат болды. Шын мәнінде, бастама Дубай әмірлігіне тиесілі. Бұл - тегін акция. Бұл тәжірибе бұрыннан бар. Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа елдердің жалауы бейнеленген. Сол күні қабырға Бахрейн туы түсімен боялды», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі 16 желтоқсан күні мейраммен осылай құттықтау үшін ақы төледі деген – жалған ақпарат.
«Мен мұндай ақпарат тарататын блогерлер мен журналистерді ар-ұятты сақтауға шақырамын. Ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбей тұрып тарату – олардың ақыл-ойының тарлығын және ақпараттық саясатқа қалай қарайтынын білдіреді», - дейді СІМ өкілі.
19 желтоқсан 2019 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области