Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады

Kyzylorda-news.kz. Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады. Соның аясында дәрігерлердің жалақысын жарты миллион теңгеге дейін өсіру жоспарланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бағдарламаның маңызды бір бағыты – адам капиталын дамыту. Соның аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттырып, биомедициналық зерттеулер нарығын дамыту жоспарланған.
"Жалақыны арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланған.  2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 2,5 есеге артады және ауылдарды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 13 процентке өседі. Клиникалық зерттеулер 2 есеге артады", - деді Біртанов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте дәрігерлердің бес жылдан кейінгі нақты жалақысы да көрсетілген. Оған сәйкес, 2025 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 теңгеге жетпек.
Айта кетейік, бүгін министрлер кабинеті 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын бірауыздан мақұлдады.
19 желтоқсан 2019 ж. 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области