Есірткіні интернет арқылы сататындарға қатысты жаза қатайтылады
Kyzylorda-news.kz. Интернет арқылы есірткі тарататындарға қатысты жаза күшейтілмек. Яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылады.
Бұл туралы Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Сенатта қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қарастырылды. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, қылмыстық заңнама бойынша бұған дейін есірткіні тарату, орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатқызылып келген. Мемлекет басшысының сын-ескертпесінен кейін заңнамаға өзгерістер енгнізілу көзделіп отыр. Сонымен қатаркөлікпен адам қаққан жүргізушіге қатысты да заң аяушылық танытпайды.
«Бүгінгі таңда мас күйінде болсын, сау күйінде болсын мысалы адамды басып мерт қылса 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделген қазргі заң бойынша. Ал енді жаңа құрам кіргізіліп отыр ол жерде ол тек мас күйінде болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Адам өлсе жүргізушілік куәлгінен өмірбақи айыру көзделген», - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.