Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде кәсіпкерлік саласының аясы кеңейді

Шиеліде кәсіпкерлік саласының аясы кеңейді

Kyzylorda-news.kz. Биыл ауданда шағын және орта кәсіпкерлікке тіркелген субьектінің саны 4655-ке жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
«Жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің саны 4203-ті құрап, 106 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен 382 адам оқу курсынан өтіп, сертификат алды. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 265 жобаға қайтарымсыз грант берілді»,-деді Әшім Оразбекұлы.
Ал, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 азаматқа несие беріліп, оған 795 бас қой алынды.
Мұнан өзге, биыл ауданның өнеркәсіп орындары өндірген өнімдер өткен жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға ұлғайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 123,3 пайызға орындалды.
20 желтоқсан 2019 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области