Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 радикалды топ қылмысының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 радикалды топ қылмысының жолын кесті

Kyzylorda-news.kz. Терроризмге қарсы орталық 2019 жылды қорытындылады, деп хабарлайды SputnikҚазақстан. Орталықтың кезекті отырысын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов өткізді.
"Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды", - делінген хабарламада.
907 тұлға радикалды көзқарастан бас тартқан. Бас бостандығынан айыру орындарында 162 сотталушы радикалсыздандырылды.

Сириядан оралғандармен жұмыс жүргізілді
Оңалту орталықтарында "Жусан" операциясы аясында елге оралған әйелдер мен балалар бар. Бұрынғы көзқарасынан әйелдердің үштен бірі бас тартқан. Өзгелерімен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Заңсыз қару тасымалы
Қару мен жарылғыш заттар радикалды ортаға түспеуі үшін елде жаңа механизм енгізілген. Нәтижесінде мұндай 17 әрекеттің жолы кесілді.
Өнеркәсіптік жарылғыш заттар мен материалдарды, әскери бөлімдердегі қоймаларда ракеталық-артиллериялық қару-жарақты күзету режимі күшейтілді.
20 желтоқсан 2019 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области