Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қару-жарақ сатумен айналысқан топ ұсталды

Қызылордада қару-жарақ сатумен айналысқан топ ұсталды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 8 «Калашников» автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері құжаттандырылды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды.
«2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және «ұрылар қауымдастығы» аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады», делінген хабарламада.
Тінту іс-шаралары барысында фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

25 шілде 2019 ж. 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области