Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заңсыз қару-жарақтарды қабылдау акциясы жалғасуда

Заңсыз қару-жарақтарды қабылдау акциясы жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурызындағы № 266 бұйрығымен бекітілген азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес ұйымдастырылуда.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Полиция департаментінің дерегінше акция барысында облыс тұрғындарынан барлығы 152 өтініш түсіп, 241 дана қару қабылданды. Қару – жарақ өткізген 43 азаматқа 4 млн тенге көлемінде қаражат төленді.
31 мамыр 2019 ж. 625 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области