Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АКЦИЯ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДАН 90 АТЫС ҚАРУЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

АКЦИЯ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДАН 90 АТЫС ҚАРУЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2018 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.
  Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара басталған уақыттан бері азаматтардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды өткізу жайлы 44 арыз тіркеліп, 90 дана атыс қаруы қабылданған.
  Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
  Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға азаматтар өз үлестерін қосады деген сенім білдіреді.

28 сәуір 2018 ж. 878 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области