Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРУ ӨТКІЗІП – ҚАРАЖАТ АЛ

ҚАРУ ӨТКІЗІП – ҚАРАЖАТ АЛ


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ІІМ-нің  нұсқауына сәйкес, алдымыздағы 10 сәуірден бастап заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ел тұрғындарынан сатып алу бойынша кезекті акция  өткізіледі.
    Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
    Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі  комиссия  құрылды.   
    Айта кетейік, оны өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Керісінше, ондай азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың,  оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
    Мәселен, өткен жылы аймақтағы азаматтардан заңсыз сақталған  313 дана қару өтемді түрде  қабылданған. Олардың  298-і  тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 24-і – иір ойықты аңшы қаруы. Осылайша, облыс көлемінде былтыр тұрғындар арасында қару-жарақ өткізген 163 азаматқа барлығы 15 000 000 теңге қаражат төленген.
    Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
19 наурыз 2018 ж. 579 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области