Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША 21 АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША 21 АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ БАСТАЛДЫ


    Бүгін, яғни 27 ақпан күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді.
    21 сотталушының 12-сі қамауға алынған. Сотталушылардың ішінде Қызылорда қаласының кәсіпкерлері, мұнай компанияларының және күзет фирмаларының қызметкерлері, сонымен қатар, оларға «қамқорлық» көрсеткен құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары бар.
    Сотталушылардың мүдделерін 21 адвокат және 7 қоғамдық қорғаушы қорғайтын болды.
    Қылмыстық іс бойынша сотталушылар бірнеше баптармен айыпталған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 262-бабы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 197-бабы (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу), 188-бабы (ұрлық), 355-бабы (құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату), 361-бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 287-бабы (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).
    Еске сала кетейік, 2017 жылдың 16 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе еліміздің бірнеше облыстарында заңсыз мұнай айналымына қатысы бар қылмыстық топтардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кескен болатын.
    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
    мамандандырылған ауданаралық  сотының  баспасөз  қызметі

27 ақпан 2018 ж. 1 252 10

Аршавин от 28 ақпан 2018 00:58
И снова Акбас из УБОП в теме...

NurZhan от 28 ақпан 2018 01:00
мұнайды ұрлап байығандар

Айман от 28 ақпан 2018 01:01
Қызылорда ұрылардан тазартылсын!

Банзай от 28 ақпан 2018 01:10
Мықты.қазір мұнай ұрлау қиын болдығо

Сауле от 28 ақпан 2018 01:15
сотталсын дұрыс, Қазақстан мұнай ұрлайтындай Ирак немесе 90-шы жылдардағы Чечня емес

Толқын от 28 ақпан 2018 01:18
Ақбасты тағы соттап жатыр

Ельдана от 28 ақпан 2018 01:25
Мурат Жақты соттап жатыр (( оны Кенжебек пен Жастлек қылмысқа тарттырып жүрген

Sher от 28 ақпан 2018 01:27
Спасибо, слаженная работа!

Ұқі от 28 ақпан 2018 01:28
Ұрлық түбі қорлық, организиванная преступная группировка дей ме?

Aspanchik от 28 ақпан 2018 01:30
Илияс Алдонгаров 2 рет сотталып жатыр ма?

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области