Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

24 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1944 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. Либреттосы - М.Әуезовтікі, музыкасы - А.Жұбанов пен Л.Хамидидікі, режиссері - Қ.Жандарбеков. Либреттоға ақын өміріндегі драмалық оқиға арқау болған. Музыкалық шешімінің әуезділігі, халықтың ән мұрасымен ете байланыс, кәсіби опера өнерінің жетістіктерін ұлттық операда тиімді пайдалану шығарманың табысы болып саналады. Операға Абай әндері сәтті енгізілген. Ақын бейнесін ашуға философиялық мазмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қай талқы» секілді әндер алынған.

2010 жылы Павлодарда Ж. Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында белгілі композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» алғашқы қазақ операсы көрермен қауымға жол тартты (1913-1960). Екі дарынды суырыпсалма ақын Біржан мен Сараның қайғылы махаббат трагедиясын музыкалық көрсетілім қоюшысы, театрдың бас режиссері Ерсайын Тапенов ұсынды. Спектакльде 100-ге тарта әртістер мен Болат Рахымжановтың басшылығымен облыстық симфониялық оркестр өнер көрсетті.

2012 жылы
еліміздің басты ұлттық телеарнасы QAZAQSTAN «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. Медиа орталығының барлық технологиялық алаңдары «Sony», «Omneon», «Dalet», «Pharos», «Everts», «Apple», «Avid» секілді әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің қондырғыларымен жабдықталған.

2016 жылы Америкадағы El Paso Times басылымы pound-for-pound үздік боксшыларының рейтингін жариялады. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш рейтингте, орта салмақтағы үздіктердің көшін WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Генадий Головкин бастады.
24 желтоқсан 2019 ж. 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области