Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу дерегі көп

Қызылордада бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу дерегі көп

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында ілгерілеушілік бар дегенмен, бұл салада күрмеуі шешілмеген мәселелер де аз емес. Көбіне дәрігерлердің жұмысына халықтың көңілі толмай жатады. Бірі жауапсыз деп сынаса, енді бірі өз ісінің шебері емес деп кінәлайды. Расымен бұл салада көңіл көншітпейтін мәселелер жетерлік. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар орталығында бір топ сала мамандарымен баспасөз конференциясы өтті.БАҚ өкілдерімен кездесуге Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасарлары Олжас Ысқақов пен Баян Бурамбаева, облыстық көпбейінді орталықтың бас дәрігері Нуриддин Амитов, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлнар Жұмашева және №3 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова келді.
Бұл брифингтің өзгешелігі сол – мұнда сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, сандарға толы есептері оқылмады. БАҚ өкілдері тарапынан сауалдар қойылып, ашық пікір алаңына айналды.
Ең алдымен журналистер тарапынан қойылған сұрақ бойынша әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға шолу жасалып, облыстағы медициналық ұйымдардың құрал-жабдықтармен қамтылу мәселесі айтылды.  
«Соңғы 4 жылда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта саланың құрал-жабдықпен қамтылу мәселесі 53 пайыздан 78,5 пайызға жоғарылады», - дейді Олжас Ысқақов.
Сонымен қатар медициналық аппараттардың істен шығып, тұралап қалуына байланысты сауалға басқарма басшылығы мардымды жауап қатпады.
Брифингте ана мен бала денсаулығы да айтылды. Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуіне байланысты өз ойын айтты.
«Бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуіне көбіне олардың шала туылуы әсер етуде. Олардың көрсеткіші 83 пайызды құрайды. Шала туылған нәрестелердің дені 500 грамм салмақпен дүниеге келеді. Осы орайда айта кету керек, мұндай салмақпен туылған балаларды аман алып қалу бұрын 30 пайызды құраса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 55 пайызды көрсетіп отыр», - дейді Гүлнар Жұмашева.
Нәрестелердің жарты келі салмақпен туылуына әйелдердің жүктілік кезеңін ауыр өткізуі, яғни, ісік, қан қысымының жоғары болуы әсер ететін көрінеді. Сондай-ақ әрдайым айта беретін араға уақыт салмай жиі босану да ана мен бала денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Брифингте мұнан басқа емханалардағы дәргер мамандардың жетіспеушілігі, әсіресе балалар дәрігері мен көз дәрігерінің тапшылығы мәселе ретінде көтерілді. Сондай-ақ Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары дәрігерлік амбулатория мен №5 және №2 емхананың арасында сандалуы да сөз болды. Бұл мәселені басқарма өкілдері өз назарларына алып, зерделейтіндерін жеткізді.
Сонымен қатар облыстық көпбейінді орталықтың бас дәрігері Нуриддин Амитов айта-айта жауыр болған портал мәселесін қозғады. Бұл орайда әдеттегідей басымдық күндізгі станционарға берілетіні айтылды.

Динара МАХАНОВА
24 желтоқсан 2019 ж. 320 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области