Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП


    Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова Сырдария ауданында болып, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
    Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері З.Көшенова, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Жиында Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева есепті мерзімде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады. Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы жыл санап артып келе жатқанын айтқан ауданның бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы бұл көрсеткіш 2015 жылы 42,7 пайызды құраса, былтыр 82,2 пайыз болғанын атап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
    Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова денсаулық сақтау саласына жүктелер міндет көп екенін айтып, сала мамандарына тоқмейілсуге болмайтынын жеткізді. Сонымен бірге, халықтың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды.

26 қаңтар 2018 ж. 823 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области