Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына келіп, аудандық мәдениет үйінде аудан активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Лекеров, Б.Өтегенова, Е.Ахетов, мекеме басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде ҚР
    Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Парламентте қабылдаған заңдардың мазмұны туралы баяндама жасап, рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сенаторлар кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы атқарылған жұмыстар ауқымды екенін айтып, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.  


05 қаңтар 2018 ж. 815 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области