ҚАЗАЛЫДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесті. Аудан басшысы мемлекеттің қандай да болмасын бастамасын жүзеге асыру жолында үкіметтік емес ұйымдардың маңызы өте зор екенін атап өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен тарапынан толымды ұсыныстар айтылды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Қуаныш, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық қорының жетекшісі Әлімжан Қияс мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен байланыстағы өзекті мәселелер туралы пікірлерін білдірді.
Бүгінде Қазалы ауданы бойынша 50 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 12 ұйым белсенді жұмыс жасап келеді.