Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ІІМ интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрін атады

ІІМ интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрін атады

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылы полиция өкілдері интернет-алаяқтықтың 1 мыңнан астам фактісін әшкерелеген, деп хабарлайды BAQ.KZ. Биыл интернет-алаяқтықтың 7 мыңнан астам фактісі анықталып, оның 1 мыңынан астамы әшкереленді, деп хабарлады Криминалдық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.
Соңғы бірнеше жылда Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстар күрт көбейді. Бұл, әсіресе, интернет-алаяқтыққа қатысты. Мысалы, биыл мұндай 7 мың қылмыс тіркеліп, 1 мыңнан көбі әшкереленді. Қылмыстың бұл түрі бойынша 388 адам ұсталды, олардың 160-ы бірнеше интернет-алаяқтық жасаған, - деді Дүйсетаев.
Оның айтуынша, қылмыстың бұл түрі интернет арқылы жүзеге асатындықтан, ол трансшекаралық сипатқа ие. Яғни, құқық бұзушылар көбіне басқа аймақта немесе елде отырып қылмыс жасайды.
Полиция өкілінің мәліметінше, интернет-алаяқтықты екі түрге бөлуге болады. Біріншісі, қылмыскер әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланып, ақша ұрлайды. Екінші жағдайда, қылмыскерлердің мақсаты – жеке басқа қатысты дербес деректерді қолға түсіру. Яғни, олар түрлі әдістерді қолданып, жеке куәлік пен есеп шоттардағы мәліметтерді, логин мен парольдерді ұрлайды.  
Ал ең көп қылмыс тұрғын үй, көлік немесе тауар сату барысында және қызмет көрсету кезінде жасалады. Биыл оның саны 4,5 мыңға жеткен.
Мұндай жағдайда алаяқтар сататын затын немесе көрсететін қызметін арзан етіп қояды. Олар тауар үшін ақшаны адамдардан алдын ала төлеуді сұрап, оны электрондық әмиянға немесе банк картасына аударуды өтінеді. Ал бұл банк карталары көбіне үшінші тұлғаларға тіркелген болып шығады, - деді орталық орынбасары.
Рүстем Дүйсетаевтың сөзінше, 2019 жылы Алматыда "Колеса" сайтына көлік сату туралы хабарландыру орналастырған екі алаяқ ұсталды.
Олар алдын ала төлем алғаннан кейін өздерінің абонент нөмірлерін өшіріп тастап отырған. Қазіргі кезде олардың 30 фактіге қатысы бар екені дәлелденді. Енді бұл екі азаматтың басқа да қылмысқа осындай қылмысқа қатысы анықталып жатыр, - деді Рүстем Дүйсетаев.
24 желтоқсан 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области