Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА АВТОКӨЛІК ҚҰЖАТЫН ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОКӨЛІК ҚҰЖАТЫН ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ


    Қазақстанда алдағы уақытта автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ интернет арқылы реттеуге болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
    «Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ үйден интернет арқылы реттеледі. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам көлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін. Бізге осы жұмысты жүзеге асыру керек», - дейді Асқар Жұмағалиев.
    Айта кетсек, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмасы бойынша елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

16 ақпан 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области