Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНАДА ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ МИГРАЦИЯЛЫҚ ХҚКО АШЫЛДЫ

АСТАНАДА ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ МИГРАЦИЯЛЫҚ ХҚКО АШЫЛДЫ


    Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.
    Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртіпте іске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылатын болады.
    Иманов көшесінде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.
    Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін 446 мыңнан астам шетелдік азамат пайдаланған.
    Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестілік тәртіпте жұмыс істеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлік көмекшілер мемлекеттік қызметті өз бетінше алып жатқан азаматтар үшін айти-кеңесші рөлін атқарады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтініштер береді.
    Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуге үйретеді. Бір сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.

15 қаңтар 2018 ж. 702 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области