Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЙТ ЖАБЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЙТ ЖАБЫЛДЫ


    Қазақстанда 2017 жылы терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
    Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген министр 2017 жылдың 28 желтоқсанында Президенттің ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заң жобасына қол қойғанын атап өтті. «Бұл заң біздің азаматтардың құқығын қорғаудың механизмдерін күшейтеді. БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», - деді министр.
    Дәурен Абаевтың айтуынша, министрлік ақпараттық кеңістікте тиісті заңның сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырмақ.
    «Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», - деді министр.

16 ақпан 2018 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области