Қармақшыда газдандыру жұмыстары жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz. Биыл Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, газ кіргізу жұмыстары басталды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков мәлімдеді.
«Жосалы кентіндегі № 250, №26, №30 орта мектептердің және аудандық мәдениет үйінің бу қазандықтарын табиғи газге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Көмекбаев елді мекеніндегі № 185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс толығымен аяқталды.Ал №183 орта мектептің жылу қазандығын табиғи газге қосу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді», -деді Мұса Оспанұлы.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Төретам кентімен Ақай елді мекені және кварталішілік жүргізілетін газ құбырының құрылысына қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу бағытында жұмыстар атқарылуда.