Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зейнетте жақсы өмір сүру үшін шотта кемі 11 млн теңге болу қажет

Зейнетте жақсы өмір сүру үшін шотта кемі 11 млн теңге болу қажет

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде еліміздің зейнетақы қорында 9,6 миллион салымшы, 10 триллион теңге қаражат бар.Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, орта есеппен бір салымшыға есептегендегі зейнетақы жинағы бір миллион теңгені құрайды:
"Біздің есебіміз бойынша, орташа есеппен зейнетке шыққанда жақсы өмір сүру үшін есепшотта ең кемі 11-12 млн теңге болуы керек".
Бердібек Сапарбаев шиеленісіп кеткен әлеуметтік мәселелерге де тоқталды.
"Әлеуметтік мәселердің ушығуы ең бірінші кезекте баға өсіміне қатысты болса, екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекпен байланысты болды. Көмек алуға құжат тапсыру, табысты көрсету дұрыс жүзеге асырылмай, соның салдарынан 79 мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды. Көмектің аты да "әлеуметтік" қой, сондықтан ол шын мұқтаж отбасыларға берілуі керек. Ол үшін отбасының әрбір мүшесінің табысы дұрыс есептелуі қажет", – деді вице-премьер.
Үкімет мүшелері осы мәселелерді халыққа жете түсіндіру мақсатында еліміздің барлық өңірлерін екі рет аралап, халықпен кездесулер өткізгендерін айтты.
"Көктемде 270, қазір 300-дей, жалпы 500-ден астам кездесу өткіздік. Мақсатымыз – көмек шарттарын халыққа түсіндіру болды. Ең үлкен мәселе – жерлестеріміз заңды, кей мемлекеттік бағдарламаларды білмейді, несиені қалай алып, жұмысқа орналасу тәртіптерінен де бейхабар", – деді Бердібек Сапарбаев.
Баспана мәселесінде де тұрғындар арасында түсінбеушілік көп.
"Елорда тұрғындарымен кездескен кезде тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар болды. Адамдар кезекте тұрмай-ақ баспаналы болғысы келеді. Бұлай болмайды. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, тиісінше барлығы заңға сәйкес болуы керек. Ал заң баспананың кезекпен берілуін міндеттейді", – деді Бердібек Сапарбаев.
25 желтоқсан 2019 ж. 240 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области