Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді газбен жүретін көліктер паркингтерге кіргізілмейді

Енді газбен жүретін көліктер паркингтерге кіргізілмейді

Kyzylorda-news.kz. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, ІІМ шешімімен, техникалық регламентке бірнеше өзгеріс енді, деп хабарланды Altaynews.kz сайтында.Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Ринат Қоңдыбаев департаментте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Елімізде көліктерін бензиннен газға ауыстырып жатқандар өте көп. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Ішкі істер министрлігінің шешімімен, техникалық регламентке бірнеше өзгеріс енді», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Маманның сөзінше, жабық паркингтерге (тұрғын үй мен сауда кешендерінің астындағы көлік тұрақтарына), егер оның қабырғаларында жарылысқа төзімді арнайы бөгендер болмаса, газбен жүретін көліктер кіргізілмейді. Сондай-ақ көліктің жүсалғышында тез жанатын зат, май, газ баллондары болмауға тиіс. Жүксалғышында жанғыш зат бар көліктер мәшине жуатын бекеттерге де жіберілмеуі керек.
«Алдағы уақытта, депутаттар мақұлдаса, газбен жүретін көліктерге жапсыратын "наклейка" шығарылады. Бұл паркингтердің күзетшілеріне кімнің көлігі газбен жүретінін анықтап, біршама уақыт тексеріп тұрғаннан гөрі тиімді болмақ», – деді Ринат Қоңдыбаев.
Айтуынша, көлік багына газды барынша (100%) толтыруға болмайды. 85%-дан аспауы керек. Қазіргі уақытта бакты белгілі мөлшерден артық толтырмайтын арнайы қақпақтар бар.
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіндегі бұл өзгерістер 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Көлігі газбен жүретін жүргізушілер бізге ренжімейді деп сенемін. Өйткені қауіпсіздік бірінші орында, - деді маман.
25 желтоқсан 2019 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области