Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда түнгі уақытта тыныштық бұзғандардың жазасы күшейеді

Қазақстанда түнгі уақытта тыныштық бұзғандардың жазасы күшейеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тыныштық бұзып, көңіл көтеретін орындардың иелеріне қатысты қолданылатын жаза күшейтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутаттар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабын былай деп өзгертуді ұсынады: түнгі уақытта сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштық бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде (12 625 теңге) айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйымдардың иелеріне 20 АЕК (50 500 теңге), орта кәсіпкерлік өкілдеріне 30 АЕК (75 750 теңге), ірі кәсіпкерлік өкілдеріне 100 АЕК мөлшерінде (252 500 теңге) айыппұл міндеттеледі.
"Сондай-ақ, бұл ережелерді бір жыл ішінде қайталап бұзған жеке тұлғаларға 10 АЕК (25 250 теңге), шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйымдардың иелеріне 40 АЕК (101 000 теңге), орта кәсіпкерлік өкілдеріне 60 АЕК (151 500 теңге), ірі кәсіпкерлік өкілдеріне 150 АЕК мөлшерінде (378 750 теңге) айыппұл міндеттеледі", - деді Сенаттағылар.
03 қаңтар 2020 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области