Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтарға кешкі сегізден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандықтарға кешкі сегізден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі кешкі 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Тыныштықты бұзу туралы 437-бап қайта қаралды. Қазіргі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі уақытты 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін өзгерту ұсынылып отыр", - делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы жайлы баяндамасында.
Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері кешкі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салу көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады.
Егер әкiмшiлiк жазадан кейiн, заң бұзушылық бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенеді.
18 қазан 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области