Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жүкті әйелдерге – 425 мың теңге: министр жаңа төлем туралы айтты

Жүкті әйелдерге – 425 мың теңге: министр жаңа төлем туралы айтты

Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzSputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов егер заң жобасына енгізілген өзгертулер қабылданса, онда жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленетінін растады. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.
Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында жүкті әйелдерге ең төменгі жалақының он еселенген мөлшері шамасында төлем төлеу туралы норма қарастырылған.
Сондай-ақ, Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.
"Өкінішке қарай, қазір азаматтар өз денсаулығына салғырт қарайды, көп жағдайда дәрігерлердің араласқанын күтеді. Бірақ, тым кеш болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан шаралардың дені профилактикаға, соның ішінде, вакцинацияға бағытталған", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Заң жобасында, тіпті, денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу де қарастырылған.
"Біз ана мен баланың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды жөн көрдік. Атап айтсақ, оларды дер кезінде есепке тұруға ынталандырғымыз келеді. Сондай-ақ, уақытында есепке тұрмайтын, дәрігерге қаралмайтын, екпеден бас тартатындар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсындық", - деді ведомство басшысы.
Қазір бұл ұсыныстардың барлығы талқыланып жатыр.
02 сәуір 2019 ж. 607 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области