Біртанов жиыннан шығып кеткен соң, бүкіл зал билей жөнелді (видео)
Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Елжан Біртанов 2018 жылды қорытындылап, 2019 жылдың жоспарларымен бөлісті. Баяндамасынан соң ведомство басшысы премьер-министрдің кеңесіне рұқсат сұрап, шұғыл кетіп қалған. Министр есіктен шыққаннан кейін, бүкіл зал билей жөнелді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Кезекті баяндама басталар алдында барлық қатысушыларға "бой сергіту үшін" үзіліс жариялаған.
Министр Біртанов Астанадағы киноконцерттік залдан шығып кеткеннен кейін, залдағы адамның бәрі орындарынан тұрып, музыка ырғағымен қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдата бастаған.
Жаттығудың соңы бимен жалғасқан.
Жаттығу биіне денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, басқарма жетекшілері, ведомство өкілдері, БАҚ журналистеріне дейін қатысқан.
"Мұндай жаттығудан соң шаршағанымыз басылды деп ойлаймыз. Енді жұмысты жалғастырсақ болады", - деді модератор.
"Мен жаттығудан соң аздап терледім, мүмкін бұл пайдалы шығар", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Олжас Әбішев.