Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр

Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр

Kyzylorda-News.kz. Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы таңғы ас ішпеу семіздікке шалдықтыруы мүмкін, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Таңғы ас ішпеу жүрек-қантамыр дерті мен инсультке әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі Journal of the American College of Cardiology ғылыми журналында жарияланған.
Мамандар 1988-1994 жылдары 40 және 75 жас аралығындағы 6550 адамның денсаулығын зерттеген. Олар анықтағандай, адамдар ұзақ уақыт таңғы асын әдейі ішпей жүрсе, семіздікке, холестерин деңгейі ұлғаюына, қан қысымының артуына, диабеттің екінші типіне және метаболизм синдромына жиі шалдығады екен.
Таңғы ас ішпеудің қаупі
Таңғы ас ішпейтіндер арасында жүрек-қантамыр дертінен қайтыс болу қаупі таңертең тойып тамақтанатындарға қарағанда 87% жоғары болып шықты.
Ғалымдар атап өткендей, таңғы астан бас тарту міндетті түрде осы дерттерді қоздырмайды. Бұған көз жеткізу үшін қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Мамандар таңертең нақты қандай ас жеу керектігін ескерген жоқ, адамның таңғы ас ішкенін ғана есепке алды.
24 сәуір 2019 ж. 833 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области