Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отырады

Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отырады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда есірткі заттарын сату және тарату бойынша жазаны күшейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заң жобасы бойынша есірткіге жарнама жасауға қатысты жаңа бап енгізілген. Себебі бүгінде осы мәселе елді қатты алаңдатып жүр. Ғимараттарда есірткі заттарының жарнамасы көбейіп кетті. Әзірге ол үшін жаза қарастырылмаған.
"Енді олай болмайды. Заңсыз есірткінің насихаты мен жарнамасы үшін жауапқа тартамыз. Жазасы ауыр. Айыппұл, түзету мен қоғамдық жұмыстар деген болмайды, тек бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Мерзімі – 6 жылға дейін", - деді Ахметжанов сенаттың пленарлық отырысында.
Бұдан бөлек, заңсыз есірткі айналымы үшін жазаны күшейту жоспарланған.
"Енді есірткіні интернет арқылы, қоғамдық жерлерде, түнгі клубтарда, дәмханада, саябақта таратқаны үшін жаңа құрам қарастырып отырмыз. 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал кәмелеттік жасқа толмаған балаға осы жолдармен таратса, тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айырамыз", - деп атап көрсетті Ахметжанов.
Айта кеткен жөн, заң жобасында зорлық-зомбылық қылмыстары үшін жазаны күшейту шаралары да бар. Осы санаттағы қылмыстар бойынша енді татуласу болмайды. Ал жас баланы зорлау мен сексуалды сипаттағы әрекеттер үшін тек 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Баланың зорланғаны туралы хабар бермегендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сенаторлар қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
26 желтоқсан 2019 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области