Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының әкімі қабылдауына келген қарияға пәтер кілтін табыстады (ФОТО)

Қызылорда қаласының әкімі қабылдауына келген қарияға пәтер кілтін табыстады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдауын өткізді.Түскі үзіліссіз өткізілген бұл қабылдауға 300-ге жуық қала тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.
Қала әкімі әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берсе, қабылдауға келген азаматтардың 70 пайыздан астамының мәселелері дер кезінде шешімін тапты.
Жалпы, қала әкімі Н.Нәлібаев жыл басынан бері 5 мыңға жуық қала тұрғындарын қабылдаған.
Қабылдауға келген тұрғындардың ішінде Аманжол Садықов есімді қария жетім қалған немерелерінің баспана мәселесін айта келген.
Қала әкімі Н.Нәлібаев мәселені жедел зерттеп, нәтижесінде «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша кезекте тұрған қарияның немересі Садықов Ғафурдың кезегі келгендігі анықталып, бұл отбасына сол жағалаудағы жаңа тұрғын үйден 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Сонымен бірге, Тасбөгет кентінің тұрғыны Даңбаева Мәншүк 2006 жылдан бері «Оралман отбасы» ретінде тұрғын үй кезегінде болса, бүгінгі қабылдау барысында бұл азаматшаның да кезегі келуіне байланысты 3 бөлмелі пәтерге ие болды.


27 желтоқсан 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области