Қызылордалық тұрғындар қала әкіміне қандай мәселемен келді (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімдігі жанындағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдау өткізді.
Қала әкімі қалыптасқан дәстүрге сәйкес, күнделікті жеке қабылдаулардан бөлек әр айдың соңғы бейсенбісінде қала тұрғындарын қабылдап, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдайды.
Нұрлыбек Машбекұлы әр мәселені жеке тыңдап, танысып, сала басшыларына тапсырып, жіті өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Бүгінгі қабылдауда тұрғындарды алаңдатып жүрген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру төңірегінде болды.
«Қабылдау барысында, тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер толық зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында болмақ», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.