Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өтініштердің басым бөлігі баспана мәселесі – Серік Шотаев

Өтініштердің басым бөлігі баспана мәселесі – Серік Шотаев

Бүгін Өңірлік комуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Серік Шотаев аймақта тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға арналған қабылдаулар жайында ақпарат берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 9-ақпанынан бастап халықты жеке қабылдау басталды. 9 ақпан күні өткен жеке қабылдауда облыс әкімінің барлық орынбасарлары мен аппарат басшысы, Қызылорда қаласы әкімі және «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы болып өтті. Сол күнгі қабылдауда барлығы 523 қала тұрғыны қатысып, олардың 231-і жеке қабылдауда болды. Қалған 292 тұрғын өз өтініштерін жазбаша қалдырған. Барлық келушілердің көтеріп отырған мәселелері анықталды. Олардың 375 өтініш пәтер алуға байланысты болса, 67 өтініш әлеуметтік көмек, 17 өтініш жәрдемақы мәселесіне қатысты болса, 82 өтініш басқада мәселелерге байланысты болды», -дейді Серік Шотаев.
Ақпанда өткен қоғамдық қабылдауда қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 200-ге жуық қала тұрғынын қабылдап, олардың басым бөлігі өтініштерін жазбаша қалдырған.
Серік Шотаевтың айтуынша, қабылдауда белгілі болғандай, халықтың наразылығын тудырып отырған мәселелердің басым бөлігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға шара көру, әлсіз топтағы азаматтардың құқықтарын қорғау, жәрдемақыларды көтеру турасында болған.
«Қазіргі таңда облыс әкімі барлық мемлекеттік мекемелердің басшыларына арнайы тапсырма берді. Аймақ басшысы халыққа арналған үздіксіз «Ашық есік» күндерін өткізуді, әр өтініш мұқият қаралып, заңға сай шаралар көруді тапсырыды. Бүгінде әр күн сайын өтінішпен келген тұрғындарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде», - дейді Серік Шотаев.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9-ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдарда 1354 тұрғын, аудандарда 554 адам өтініш қалдырған.
05 наурыз 2019 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области