Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – Қайрат Мұхитов

Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – Қайрат Мұхитов

Фейсбук әлеуметтік желісінде «Қызылордада аяғы ауыр келіншекті полиция ұстап алып кетіп, «тыныш жүрмесең аналық құқыңнан айырамыз» деп қорқытты» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған ақпаратқа байланысты бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Серік Шотаев, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов брифинг өткізді.
Кеше Қызылорда облысының уақыты бойынша түнгі сағат 00:59 Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушы Құрал Сейтханұлы қала тұрғыны, жалғызбасты ана әкімнің қабылдауына барып, оны әкім тапсырмасымен полиция ұстап әкеткендігі жөнінде жариялаған болатын.
Құрал Сейтханұлының парақшасында «Шұғыл. Осы жаңа ғана Қызылорда қаласынан бір жалғызбасты екі баласы бар және үшінші баласына аяғы ауыр әйел хабарласып Қызылорда қаласындағы әкімнің қабылдауына барған кезде әкімнің тапсырмасымен полиция ұстап өзін қамағанын, үстіндегі пальтосын шешіп алып суық жерде бес сағат ұстағанын, онымен қоймай полиция формасындағы әйел келіп аяғының ауырлығына қарамастан бетінен шапалақпен екі рет ұрғанын жылап тұрып айтты. "Әйелдердің бәрін бастап жүрген сен. Тыныш жүрмесең аналық құқыңнан айырамыз, одан әрмен де неше түрлі бәлеге ұшыратамыз" деп қорқытқан құсайды. Телефон нөмірі бар. Хабарласамын деген адвокаттар мен журналистер болса көмектесіңіздер» делінген.
Полиция департаменті басшысының айтуынша, әлеуметтік желіде көтерілген мәселеге байланысты дереу тексеру жұмыстары жүргізілді.
«Алайда мұндай оқиға не облыс әкімдігінде, не болмаса қала әкімдігінде орын алмағандығы анықталды. Жарияланған постқа 20 минут ішінде облыстық ішкі істер департаментінің жауабы берілді. Сонымен қатар таңертеңгілік уақытта да тексеру жұмыстары жүргізіліп, мұндай факт болмағандығы анықталды. Осыған орай бүгін БАҚ өкілдері алдында шұғыл брифинг өткізілді», - дейді Қайрат Мұхитов.
Брифинг барысында департамент бастығы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сай «Көрнеу жалған ақпарат таратқаны үшін» қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде айтып өтті. Осы орайда департамент бастығы аталған бап бойынша жауапқа тартылғандар турасында мысал келтірді.
«Мәселен, 2016 жылдың мамыр айында Алматы тұрғыны әлеуметтік желіге Қытайда иттер төбелесі кезінде ит талаған адамдардың суретін жүктеп, Қызылорда қаласында болған деп көрсеткені үшін жауапқа тартылды. Бұл ақпарат барлықтарыңыздың естеріңізде болар. Осы жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, жалған ақпарат таратқан азамат жауапқа тартылды. Ол 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айрылды», - дейді Қайрат Мұхитов.
05 наурыз 2019 ж. 458 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области