Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада педофил қолға түсті

Қызылордада педофил қолға түсті

Осыдан 10 күн бұрын Қызылорданың «Ақмешіт» мөлтек ауданында педофил пайда болды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz тілшісі.
Кәмілет жасқа толмаған қыз баланы зорламақ болған қылмыскер оқиға орнынан бой тасалап кеткені де баршамызға мәлім. Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттан соң ата-аналар үрейленіп, мектептерде мұғалімдер балаларды ата-анасыз жібермеді.
Аталған оқиғаға қатысты Фейсбук қолданушысы Гүлнар Сәрсенбай өзінің парақшасында педофилдің қолға түскенін айтып сүйіншілеген болатын.
«Осы жолы біз тұратын Батыс жақтың құқық қорғаушылары өте жақсы жұмыс жасады. Күні-түні із кесіп, күдікті әр азаматты тергеп-тексергенін білеміз. Жәбірленген әр қыздың орнына өз балаларын қойып, уайымдап та жұмыс жасады. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Қылмыскерді құрықтап, ата-аналардың ұйқысын тыныштандырған Батыс аймаққа қарайтын полиция майоры Ғалым Әлиев бастаған 4-ші тірек пунктінің сақшыларына тұрғындар атынан алғыс айтамыз!» делінген Гүлнар Сәрсенбайдың фейсбук парақшасында.
Осы оқиға байланысты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ресми ақпараты бойынша педофил 26 қаңтар күні қолға түскен. Қызылордалық полицейлердің қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмағанды зорлауға оқталған күдіктіні анықтап құрықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді.
28 қаңтар 2019 ж. 582 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области