СЕМЕЙДЕ МЕКТЕПКЕ БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ ТАРАДЫ
Еске сала кетсек, кеше кешкісін белгісіз тұрғын «102» нөміріне хабарласып, Семей қаладасындағы №28 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған болатын. Ұстаздар мен оқушыларды дүр сілкіндірген дабыл сабақ кезінде қағылған. Хабарды естіген бойда далаға бет алған оқушылар мен ұстаздар тіпті ұялы телефондары мен сөмкелерін алып үлгермеген. Киімсіз далаға шыққан оқушылардың жартысы № 37 мектеп-гимназиясына, қалған оқушылар қалалық Мәдениет сарайына орналастырылған. Кейін оқушыларды ата-аналары келіп алып кеткен еді.
«Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түсті» делінген хабарламада.
Азамат психикалық ауруға шалдыққан болуы мүмкін. Қазір үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ақпарат көзі: inform.kz