Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорықшыны өлтірді деген күдіктінің әкесі халықтан кешірім сұрады

Қорықшыны өлтірді деген күдіктінің әкесі халықтан кешірім сұрады

Қарағандылық қорықшыны өлтірді деген күдіктінің әкесі халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылордада арнайы операция нәтижесінде Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» мекемесі қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды. Облыстық полиция департаменті «күдіктілер қаладағы үйлердің бірінде құрықталды» дегеннен басқа мәлімет айтқан жоқ. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Күдіктілердің екеуі Н.М. Шукилдиков пен К.В. Акшанов облыс орталығының, біреуі, яғни Б.М. Ахметов қала маңындағы Абай ауылының тұрғыны. Жасы 35-те.
Төрт баланың әкесі. Ата-анасымен бірге тұрады екен. Алайда, оқиға болғалы бері үйіне мүлде жоламаған.
Ал қорықшының қазасына көңіл айтқан күдіктінің әкесі баласы үшін халықтан кешірім сұрады.
«Қайтыс болған жігіттің отбасына көңіл айтамын және кешірім сұраймын. Қайтейік, ойнақтап жүрген балам от басты. Толқып тұрмын, айта алмаймын. Кешірім сұраймын халқымнан», – деді Мейрамбек Ахметов.

Бұдан бөлек, екі күдікті туралы ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдары тергеудің құпиялылығына байланысты мәлімет жария етілмейтінін айтуда.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада қарағандылық инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

21 қаңтар 2019 ж. 430 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области