Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮЙЕСІ» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮЙЕСІ» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов мәлімдеді.
– Қазіргі күні облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 272 бейнебақылау камералары орнатылған. Осы бейнебақылау камераларының көмегімен 12 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 50-ден аса қылмыстың беті ашылды. Бұған қоса, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қосымша 1400 дана бейнебақылау камераларын орнату үшін адрестік бағдарлама бекітілді, - деді департамент басшысы Қ.Мұхитов.
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені қолдана отырып, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған «112» кезекші қызметін құру жоспарлануда.
Аталған пилоттық жоба Астана қаласы және Қызылорда облысында жүзеге асырылады. Жалпы, «112» кезекші қызметін құрудың тиімділігі мол дейді мамандар. Біріншіден, ол орын алған оқиғаларға әрекет етудің мерзімін қысқарту мүмкіншілігін туғызады. Екіншіден, төтенше жағдайларды ескерту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеру, халықтың полицияға сенімін нығайтуға себін тигізеді. Үшіншіден облыс орталығында жедел басқару орталығы бейнекамераларымен бірге барлық мемлекеттік мекемелерде орналасқан бейнебақылау камераларын бір жүйелендіреді.
Бастысы, сандық технологияларды дамыту аясында «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жүйенің тиімділігі сол – ол тергеу жұмыстарының жылдамдығын арттыру, қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық істердің тергеу барысын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндігі және оның бұрмалануына жол бермеу, қылмыстық істерді тергеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді.
Департамент басшысының айтуынша, нақты кезеңде электронды форматта барлығы 179 қылмыстық іс тергеліп, оның 136-сы сотқа жолданған.
26 қыркүйек 2018 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области