Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұшақ апаты: Жерлестері қызылордалық ұшқыш Марат Мұратбаев жайында жылы лебіз білдірді

Ұшақ апаты: Жерлестері қызылордалық ұшқыш Марат Мұратбаев жайында жылы лебіз білдірді

Kyzylorda-news.kz. Алматы әуежайында орын алған ұшақ апатында қаза болған ұшқыш Марат Мұратбаев Қызылорда облысында дүниеге келген. Қайғылы қазаны жерлестері ауыр күрсініспен еске алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Марат Мұратбаев Тасбөгет кентіндегі №176 орта мектепті тәмамдағаннан кейін Ақтөбе қаласындағы жоғары ұшқыштар училищесінде білімін толықтырды. Еңбек жолын 1982 жылы туған жерінде бастап, өз қызметінде мол тәжірибе жинақтады. Әуеде 20 мың шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.
«Мол тәжірибесі арқасында ұшақ апатында қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Ол қас-қағым сәтте жылдам шешім қабылдай білді. Ұшақтың мұндай жағдайда өртеніп кетуі де мүмкін еді. Өз өмірін қиғанына қарамастан Марат оған жол берген жоқ. Ол ақкөңіл, жарқын жүзді жігіт еді», - деді әріптесі Рысбай Шәріпов.
Марат Мұратбаев отбасында төрт ағайындының үлкені болатын. Туыстары оның әрдайым кішіге қамқорлық, үлкенге ізет көрсететін жан болғанын айтады.
Марат өзінің барлық жетістігіне маңдай терімен жетті. Өз мамандығын жақсы көре білді. Өз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге көңіл бөліп жүретін», - деді апасы Күләш Алдабергенова.
30 желтоқсан 2019 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области