Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматыдағы Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады – алғашқы нұсқа жарияланды

Алматыдағы Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады – алғашқы нұсқа жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Премьер-министрдің орынбасары, Алматыдағы ұшақ апаты бойынша үкіметтік комиссия мүшесі Роман Скляр Алматыдағы Bek Air ұшағының қалай апатқа ұшырағанын айтып берді.
«Ұшақ апатынан көз жұмғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл жағдайға қатысты ешкім де мемлекеттің қолдау шараларынан тыс қалмайды. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен зардап шеккендерде қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі. Оқиға тіркелгеннен бастап үкіметтік комиссия тиісті жұмысты бастап кетті. Бүгін біз ұшу-қону жолағына әуе кемесінің артқы бөлігінің бірізді сипатта екі рет жанасқанын анықтадық. Жолаққа жанасу аралығы 300-400 метр шамасында болды. Ұшар кезде әуе кемесі екі рет ұшу-қону жолағына соқтыққан», - деді Роман Скляр Алматыда шұғыл өткен баспасөз мәслихатында.
Үкімет басшысы орынбасарының айтуына қарағанда, ұшу-қону жолағы аяқталғаннан кейін әуе кемесі оңға бұрылған. Шасси бұл уақытта жинақталып қойған.
«Ұшақ ұшып кетпек болғанымен оң жаққа ауып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Үйде ешкім болмаған. Әуе кемесі соқтығыс салдарынан екіге бөлініп кеткен. Негізінен ұшақтың алдыңғы жағында отырған жолаушылар көз жұмған», - деді Роман Скляр.
27 желтоқсан 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области