Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

4 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық Брайль күні
1809 жылы француз тифлопедагогі Луи Брайль дүниеге келген. Ол зағиптарға арналған бедерлі-нүктелі шрифт ойлап тапты.
Ньютон күні
Бұл күнді атақты ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның туған күнінде жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері, ғалымдар, студенттер, сондай-ақ ғылыми тәжірибе жасағанды жақсы көретін әуесқойлар жыл сайын атап өтеді. И. Ньютон ойлап тапқан бүкіләлемдік тартылыс заңы мен механиканың үш заңы классикалық механиканың негізін қалады.

1907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 4 қаңтар - 27 сәуір аралығында 31 саны шықты. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Арыс стансасынан Шу стансасы арқылы өтетiн темiр жолдың 582-километрлiк электрлендiрiлген трансазиялық бөлiмшесiнің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2013 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мақсаты - электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін құқықтық бекіту, сондай-ақ электронды түрдегі аталған қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру.
04 қаңтар 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области