28 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар
Осы мейрамның негізін үнді ақыны, журналист, продюсер, саясаткер, қоғам белсендісі Притиш Нанди қалады.
Бүкіләлемдік қамқорлық күні алғаш рет Мумбайда тойланды. Ол жануарлар тағдырына, Жер бетіндегі бүкіл жәндік атаулыға қамқорлық етуге, өрісі кеңейіп келе жатқан вегетариандықтың маңыздылығына арналады.
1934 жылы Қазақ ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады. Қазақ ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының мақсаты ұлттық мәдени құрылыс саласындағы барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау және үйлестіру, қорытындылап, ғылыми-зерттеу нәтижелерін бірыңғай базаға салу, Қазақстаның мәдени саясатының іргесін қалау болды.
1998 жылы Ұлыбританияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.
2000 жылы «Қазақстан меценаттары клубы» жыл сайынғы «Тарлан» жалпыұлттық тәуелсіз сыйлығын жариялады. Сыйлық әдебиет, музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематограф, ғылым және ағарту секілді жеті бағытта беріледі.
2011 жылы «KazSat-2» спутнигі Қазақстан Республикасының меншігіне берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі комиссиясының «KazSat-2» ғарыштық жүйесін Қазақстан Республикасының меншігіне беру жөніндегі отырысында «KazSat-2» ғарыштық жүйесін меншік құқығына алу хаттамасын комиссия төрағасы «РҒБО» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов бекітті.