Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шетелдіктер енді Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

Шетелдіктер енді Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елге келетін шетелдіктерді тіркеу тәртібін әзірледі, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық, қылмыстық-процесуалдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Ол БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күнде күшіне енеді.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік қонақтың келгені жөнінде қабылдаушы тарап көші-қон қызметін елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.
Шетелдіктің Қазақстанға келгенін хабарлау рәсімі бүгінгі күні барынша жеңілдетілді және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді.
Визалық-көші-қон порталында (www.vmp.gov.kz) мыналар жасалуы қажет:
•    Шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыру;
•    Толтырылған өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қою;
•    15 минуттан кейін жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алу.
Бұл қызмет тегін көрсетіледі және мұны ішкі істер министлігі 2014 жылдан бастап ұсынып келеді. Биылғы жылы оны 250 қонақ үй пайдаланды, олар 110 000 шетелдіктің болғаны туралы мәлімет берді.
Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті.
31 желтоқсан 2019 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области