Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?

Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?

Kyzylorda-news.kz. Жеке куәлікті қайта жасатудың негізгі екі себебі бар: оны жоғалту және ұрлату. Не айырмашылығы бар деуге келмейді. Өйткені, қайта жасату жолдары әртүрлі, деп хабарлайды Informburo.
Жеке куәлікті қайта жасату үшін жақын жердегі "Халыққа қызмет көрсету орталығына" барып, өтініш білдіру қажет.
Қажетті құжаттар тізімін 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып білуге болады.
Жеке куәлік ұрланған жағдайда:
•Аудандық полиция басқармасынан құжаттың ұрланғаны туралы анықтаманы;
•Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
•Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.
Жеке куәлік жоғалған жағдайда:
•Жеке куәлікті жоғалту мән-жайы көрсетілген жазбаша өтініш;
•Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
•Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.
Мемлекеттік баж салығының мөлшері – 0,2 АЕК (530 теңге).
2020 жылы 1 АЕК = 2 651 теңге.
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатын азаматтар оны растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл санатқа:
•Мүгедектер;
•Мүгедек балаларды асыраушылар;
•Алтын, күміс алқа иегерлері;
•Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары не соған теңестірілгендер;
•Жетімдер жатады.
Жеке куәлік дайын болғанға дейін уақытша куәлік беріледі. Ол 3 айға ғана жарамды. Ал жеке куәлікті қайта жасату 15 жұмыс күнінесозылады. Өтініш берушінің қалауы бойынша жедел дайындауға да болады. Оның ұзақтығы:
1.Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – 1-3 жұмыс күні;
2.Облыс орталықтарында – 3-5 жұмыс күні;
3.Облыстардың аудандары мен қалаларында – 7 жұмыс күні.
10 күн мен 1 ай аралығында жеке куәліксіз жүрген адамға ескерту жасалады. Ал егер жеке куәліксіз 3 айға дейін жүріп қалсаңыз, онда 7 АЕК (18 557 теңге) төлеу міндеттеледі.
05 қаңтар 2020 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области