Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру үшін не жеген пайдалы?

Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру үшін не жеген пайдалы?

Kyzylorda-news.kz. Ағзаға темір жетіспеген жағдайда адам қаназдық ауруына тез шалдығады, деп жазады Informburo.
Қалыпты жағдайда гемоглобин деңгейі ер адамдарда 130 - 160 г/л, әйелдерде 120 - 140 г/л, ал жүкті әйелдерде 110 г/литрден жоғары.
Гемоглобиннің қалыпты деңгейден төмендеуі адам денсаулығының әлсіреуіне әкеледі. Гемоглобиннің көбеюі немесе азаюы ағзадағы темірге тікелей байланысты. Егер адамға темір жетіспейтін болса, онда ол қан аздық ауруына тез шалдығады. Ал қанның азаюы ағзадағы оттегі көлемінің де күрт төмендеуіне соқтырады.
Гемоглобин неліктен төмендейді?
•Кез-келген жағдай барысында қан жоғалту;
•Дұрыс тамақтанбау (тойып тамақ ішпеу, вегетариандық тамақтану салты);
•Темекі шегу, алкогольді ішімдікке үйір болу;
•Жиі қан доноры болу.
Қандағы гемоглобин деңгейінің төмендеу белгілері:
•Адам тез шаршайды;
•Түрі бозарады;
•Терісі жиі құрғайды;
•Жиі бас ауруына шалдығады;
•Ұйқысыздық.
Гемоглобин деңгейін көтеру үшін келесі тағам түрлерін жеген пайдалы:
•Сиыр еті қосылған қарақұмық ботқасы;
•Жаңғақ:
•Қызыл алма;
•Анар не анар шырыны;
•Шабдалы;
•Шикі сәбіз;
•Қызылша шырыны;
•Халуа;
•Мейіз не жаңғақ қосылған бал;
•Аскорбин қышқылы (дәрумен).
Бұл тағам түрлерін тұтынумен қатар, таза ауада да көбірек серуендеу қажет. Себебі, таза ауамен тыныстаған кезде қан айналым жүйесі оттегімен толығады. Сондай-ақ, бұл уақытта келесі тағамдардан тартына тұрған абзал:
•Сүт өнімдері;
•Кофе;
•Шай;
•Құрма;
•Газды сусындар.
07 қаңтар 2020 ж. 505 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области