Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Смартфоннан демалғысы келетіндердің қатары күн санап артып келеді

Смартфоннан демалғысы келетіндердің қатары күн санап артып келеді

Kyzylorda-news.kz.«Көпшілігі жаңа жылда жаңа мақсаттар қойып, тізім жасайды. Біреулер темекіні тастаймын десе, тағы біреулері спортпен шұғылдануды қолға аламын деп серт береді. Соңғы жылдары желіге уақыт бөлуді азайтқысы келетін адамдар қатары артты», деп жазады Le Figaro басылымы.
Автор қазіргі таңда өз қолының жалғасына айналып кеткен смартфондардан демалғысы келетіндердің қатары күн санап артып жатқанын айтады.
«Цифрлық технология біздің күнделікті өмірімізді жұтып жібереді. Elabe жүргізген зерттеуге сенсек, адамдардың 60%-ы смартфонсыз бір күн де жүре алмайды. Ал әрбір екінші адам он минут сайын телефон немесе планшетіне қарайды», деп жазады автор.
Басылымның хабарлауынша, ғалымдар адамдар телефонға қараған кезде қысқамерзімді рахат сезіміне бөлейтін домафин гормоны бөлінетінін, сол себепті смартфоннан ажырау қиын екенін анықтаған.
«Телеофоннан толық қол үзу мүмкін емес, дегенмен, оны дұрыс пайдалануды үйрену керек. Осы тәртіп сақталғанда ғана телефон тиімді құралға айналады. Технология адамдарға қызмет етеді, ал оның қолданылуы белгілі бір деңгейде адамға қауіп төндіре алады», дейді жазба авторы.
07 қаңтар 2020 ж. 201 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области